Евсеев Қытайдағы турнирдің екінші айналымында жарысты аяқтады

ҚР ҰОК
Әлемнің 444-ракеткасы Денис Евсеев Оңтүстік Корея өкілі Джи Сун Намға (ATP рейтингінде 1038-орын) есе жіберіп, Шанхайдағы «Челленджер» турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Кездесу 1 сағат 9 минутқа созылып, оңтүстіккореялық теннисшінің 6:2, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Евсеев үш эйс жасап, қосарланған қателікке жол бермеді және бірде-бір брейк жасай алмады. Қазақстандық теннисші өз сервисіндегі төрт геймді қарсыласына беріп қойды. Нам ширек финалда жапониялық Рэй Сакамотомен ойнайды.
Евсеев жарысты іріктеу кезеңінен бастап, онда қытайлық Лю Ханьиді жеңді. Негізгі кезеңнің бірінші айналымында қазақстандық теннисші Петр Бар Бирюковтан басым түсті.
Айта кетейік, Денис Евсеев – жекелей және жұптық разрядтарда барлығы 20 титулдың иегері. ATP әлемдік рейтингінде қазақстандық теннисші 444-орында тұр.