«Фенербахче» – «Рома» матчының бейнешолуы

Бекарыс Әлімхан··
«Фенербахче» – «Рома» матчының бейнешолуы

«Фенербахче» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда «Ромамен» 1:1 есебімен тең түсті.

Қонақтар 39-минутта есеп ашты. «Рома» капитаны Бриан Кристанте айып алаңының маңында допты қабылдап, қақпаның алыс бұрышына дәл соққы бағыттады. «Фенербахче» екінші таймның басында есепті теңестірді. 48-минутта Мейсон Гринвуд Арчи Браунды қақпашымен бетпе-бет шығарды. Ағылшын қорғаушысы Миле Свилардың үстінен допты асырып жіберіп, есепті 1:1-ге жеткізді.

Айта кетейік, бұл кездесу «Фенербахче» үшін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі 18 жылдан кейінгі алғашқы матч болды. Ал «Рома» жеті жылдық үзілістен кейін Еуропаның басты клубтық турниріне қайта оралды.

Екінші турда «Рома» 15 қазанда өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. Ал «Фенербахче» сол күні сырт алаңда «Астон Вилламен» кездеседі.