ФИФА Мессиді матчтың үздік ойыншысы деп таныды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Мысырға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Атлантадағы «Мерседес-Бенц» стадионында өткен кездесуде әлем чемпиондары 0:2 есебімен жеңіліп жатып, керемет камбэк жасап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Месси үшін матч оңай болған жоқ. Бірінші таймда ол пенальтиден мүлт кеткенімен, үзілістен кейін өз ойынын түбегейлі өзгертті. Аргентина капитаны бір гол соғып, бір нәтижелі пас беріп, командасының ерік-жігер танытқан жеңісіне шешуші үлес қосты.

Осылайша, ФИФА Лионель Мессиді матчтың үздік ойыншысы деп таныды.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Швейцариямен кездеседі.

Сонымен қатар, Месси сегіз голмен турнирдің үздік сұрмергендері көшін бастап тұр. Бұған қоса, аргентиналық футболшы әлем чемпионаттары тарихындағы ең көп нәтижелі пас берген ойыншы атанып, жаңа тарихи рекорд орнатты.