Финляндия хоккейден әлем чемпионы атанды
Бөлісу

Фото: Matt Zambonin/IIHF
Финляндия құрамасы шайбалы хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында турнир қожайыны Швейцарияны ұтып, ғаламдық біріншілікте топ жарды.
Шешуші кездесу Цюрих қаласындағы Swiss Life Arena кешенінде өтті. Командалар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады — 0:0. Матч овертаймға ұласып, ойын 3-ке 3 форматында жалғасты. Қосымша уақытта Финляндия құрамасының ойыншысы Конста Хелениус жеңіс шайбасын соғып, өз командасына чемпиондық атақ сыйлады.
Осылайша Финляндия құрамасы өз тарихында бесінші рет әлем чемпионы атанды. Бұған дейін финдер 1995, 2011, 2019 және 2022 жылдары әлем біріншілігінде жеңімпаз шыққан еді. Ал Швейцария құрамасы қатарынан үшінші рет әлем чемпионатында күміспен күптелді.