Фоксборода гол соғылмады: Англия мен Гана тең тарқасты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының L тобындағы екінші тур матчында Англия мен Гана жеңімпазды анықтай алмады.

АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы Gillette Stadium стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Матчтың бас төрешісі гондурастық Саид Мартинес болды.

Ойын барысында Англия құрамасы шабуылда белсендірек көрініп, қарсылас қақпасына бағытталған үш соққы жасады. Ал Гана құрамасы қақпа бағанына дәл тиген бір ғана соққымен шектелді.

Әлем чемпионаты-2026. 2-тур. L тобы

Англия – Гана – 0:0

Екі турдан кейін Англия мен Гана төрт ұпайдан жинап, топ көшін бірге бастап тұр. Ал Хорватия үш ұпаймен үшінші орында келеді. Панама әзірге ұпайсыз соңғы сатыда орналасқан.

Топтық кезеңнің соңғы турында Англия Панамамен кездессе, Гана Хорватиямен ойнайды. Екі матч та 28 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.