Франция Иракты жеңіп, плей-оффқа жолдама алды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Франция құрамасы Иракты 3:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Кездесу АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы «Линкольн Файненшел Филд» стадионында өтті.

Есепті 14-минутта Майкл Олисенің пасынан кейін Килиан Мбаппе ашты. Бірінші таймның соңына қарай нөсер жаңбырға байланысты ойын тоқтатылып, екінші таймның басталуы екі сағатқа шегерілді.

Матч қайта жалғасқан соң Мбаппе Усман Дембеленің пасын голға айналдырып, дубль авторы атанды. Ал 66-минутта Дембеленің өзі Майкл Олисенің нәтижелі пасынан кейін мергендік танытып, ойынның қорытынды есебін белгіледі – 3:0.

Осы жеңістің арқасында Франция құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.

Топтық кезеңнің соңғы турында 27 маусым күні Франция Норвегиямен кездессе, Ирак Сенегал құрамасына қарсы ойнайды.