Франция Марокконы сенімді жеңіп, ӘЧ-ның алғашқы жартылай финалисі атанды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды. Дидье Дешам шәкірттері ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Матчтың алғашқы таймы тартысты өтіп, қауіпті сәттерге толы болды. 28-минутта Франция құрамасы пенальти орындау мүмкіндігіне ие болғанымен, Килиан Мбаппе есеп аша алмады. Марокко қақпашысы соққының бағытын дәл болжап, өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Үзілістен кейін Франция капитаны өз қателігін түзетті. 60-минутта Мбаппе қарсылас қақпасын дәл көздеп, өз командасын алға шығарды.

Марокко құрамасы бұл голдан ес жиып үлгермей жатып, алты минуттан кейін тағы бір доп жіберіп алды. Усман Дембеле шабуылды сәтті аяқтап, кездесудің қорытынды есебін белгіледі – 2:0.

Әлем чемпионаты-2026. Плей-офф. Ширек финал

Франция – Марокко – 2:0

Голдар: Мбаппе, 60, Дембеле, 66.

Осылайша, Дидье Дешамның командасы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы құрама болды. Финал жолдамасын француздар Испания – Бельгия жұбының жеңімпазымен сарапқа салады.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталды, ал финалдық матч 19 шілдеде өтеді.

Франция Марокконы сенімді жеңіп, ӘЧ-ның алғашқы жартылай финалисі атанды – sport-hub