Франция Швецияны ойсырата жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швецияны ірі есеппен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өткен кездесу француздардың 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.

Матчтың басты қаһарманы Килиан Мбаппе болды. Франция шабуылшысы дубль авторы атанып, жеңімпаз мәселесін түбегейлі шешсе, тағы бір голды Брэдли Баркола өз еншісіне жазды.

2026 жылғы әлем чемпионатыПлей-офф. 1/16 финал

Франция – Швеция – 3:0

Голдар: Мбаппе, 45, 74; Баркола, 53.

Осы жеңістің арқасында Франция құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Енді команда 5 шілде күні ширек финал жолдамасы үшін Парагвай құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады. Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы.