Фуэнте Испанияның Әлем чемпионатын сәтсіз бастауын түсіндірді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте 2026 жылғы әлем чемпионатының H тобындағы бірінші турда Кабо-Верде құрамасына қарсы өткен тең ойынға (0:0) қатысты пікір білдірді.

Кездесуде есеп ашылмады. Бапкердің айтуынша, испан құрамасы жеткілікті қауіпті сәттер жасағанымен, оларды голға айналдыруда дәлдік жетіспеген.

«Біз қарсылас қақпасына жиі қауіп төндірдік, бірақ соңғы сәттерде дәлдік пен креатив жетіспеді. Кабо-Верде қорғаныста өте жақсы ұйымдаса білді, сондықтан бос кеңістік табу қиын болды. Сонымен қатар командаға сергектік пен өзара түсіністік жетіспеді. Кейде барлық күш-жігерге қарамастан, доп қақпаға кірмейтін матчтар болады», – деді де ла Фуэнте AS басылымына.

Бапкер келесі ойында Испания құрамасы әлдеқайда сапалы ойын көрсетіп, жақсы нәтиже беретініне сенім білдірді.

Бірінші турдан кейін Испания мен Кабо-Верде бір ұпайдан жинап, H тобында көш бастап тұр. Екінші турда Сауд Арабиясы мен Уругвай кездесуі 16 маусымға қараған түні өтеді.