Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты: Өзбекстан – Колумбия матчының шолуы

Фото: ФИФА
Колумбия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін жеңіспен бастады. Олар Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңді.
Бірінші турдағы кездесуде колумбиялықтар 40-минутта Даниэль Муньостың Луис Диастың пасынан кейін соққан голының арқасында алға шықты. Екінші таймның басында Өзбекстан есепті теңестірді. Эльдор Шомуродовтың соққысынан кейін доп қақпа бағанына тиді, ал серпілген допқа бірінші жеткен Аббосбек Файзуллаев өз құрамасының әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы голын соқты.
66-минутта Луис Диас қарсылас қақпасын тағы да дәл көздеді. Ал жеңіс голын матчтың соңында шабуылшы Хаминтон Кампас соқты.
Матчтың бейне шолуын осы сілтеме арқылы көре аласыз.
Бірінші турдан кейін Колумбия 3 ұпаймен K тобында көш бастады. Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы 1 ұпайдан еншілеп, тең ойнады (1:1), ал Өзбекстан ұпайсыз соңғы орында тұр.
Екінші турда Колумбия Конго Демократиялық Республикасымен кездеседі, ал Өзбекстан Португалияға қарсы ойнайды.