Гаити құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: HFH

Фото: HFH

Гаити құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Жаңа Зеландияға қарсы жолдастық матч өткізіп, 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті.

Кездесу АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласында өтті.

Есепті матчтың 12-минутында Рубен Провиденс ашты. Үзілістен кейін Гаити құрамасының басымдығын Ленни Джозеф, Францди Пьерро және Дюк Лакруа арттырды. Осылайша кездесу 4:0 есебімен аяқталды.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Гаити құрамасы С тобында Бразилия, Марокко және Шотландия құрамаларымен кездеседі. Ал Жаңа Зеландия құрамасы G тобында Бельгия, Мысыр және Иран құрамаларына қарсы ойнайды.

Әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.