Гейт «Тур де Франстың» 17-кезеңінде XDS Astana Team үшін ең үздік нәтиже көрсетті

Фото: Getty Images
2026 жылғы Тур де Франс көпкүндігінің 17-кезеңі XDS Astana Team үшін соңғы күндердегі ең үздік нәтиже көрсетті. Шамбери мен Вуарон арасындағы 174,7 шақырымдық кезеңде жаңа зеландиялық Аарон Гейт команда сапында ең сәтті өнер көрсетіп, жарысты 10-орынмен аяқтады және жеңімпазбен бір уақытта мәре сызығын кесті.
Команданың өзге шабандоздары жалпы хаттамада төменірек орын алды. Харольд Техада 36-орынға ие болды, Майк Тёниссен — 96-орын, Симоне Веласко — 125-орын, Серхио Игита — 139-орын, ал Николас Винокуров 140-орынмен шектелді. Сондай-ақ Макс Кантер 154-орын алса, Давиде Баллерини 157-орында мәреге жетті.
Кезең нәтижелері (XDS Astana Team):
10-орын — Аарон Гейт — жеңімпазбен бір уақыт
36-орын — Харольд Техада — +2:57
96-орын — Майк Тёниссен — +8:46
125-орын — Симоне Веласко — +8:46
139-орын — Серхио Игита — +8:46
140-орын — Николас Винокуров — +8:46
154-орын — Макс Кантер — +10:57
157-орын — Давиде Баллерини — +10:57
Кезең жеңімпазы бельгиялық Яспер Филипсен (Alpecin – Deceuninck), ол қашықтықты 3 сағат 41 минут 13 секундта жүріп өтті. Одан кейін швейцариялық Мауро Шмид пен нидерландылық Олав Кой дәл сол уақытпен мәреге келді.
Жалпы есепте де «Астана» командасының бірнеше спортшысы алға жылжыды. Харольд Техада 38-орынға көтеріліп, команда ішіндегі көшбасшылықты сақтап қалды. Николас Винокуров 93-орынға, Симоне Веласко 108-орынға көтерілді. Ал Аарон Гейт үздік ондыққа енудің арқасында жеті позицияға жоғарылап, қазір 121-орында тұр.
Жалпы есепте көш бастап тұрған словениялық Тадей Погачар.