Геннадий Головкиннің Афина Олимпиадасындағы триумфы және «Реал Мадридтің» жарқын жеңісі: спорт тарихында 27 тамыз

ЖИ
27 тамыз спорт тарихында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Афина Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алуымен, сондай-ақ Михаэль Шумахердің Бельгия Гран-приіндегі жеңісімен есте қалды.
Қазақстан:
Геннадий Головкин Афина Олимпиадасында «күміс» жүлде алды
2004 жыл – осы күні әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. 75 келіге дейінгі салмақта өткен финалдық жекпе-жекте Головкин ресейлік Гайдарбек Гайдарбековтен 18:28 есебімен жеңілді. Ол кезде Гайдарбековтің қоржынында Сиднейде өткен 2000 жылғы Олимпиаданың күміс медалі бар еді.
Әлем:
Автоспорт тарихынан
1989 жыл – осы күні бразилиялық McLaren-Honda командасының пилоты Бельгия Гран-приінде жеңіске жетті. Екінші орынды оның командаласы, француз Ален Прост иеленді. Үздік үштікті Ferrari командасының британдық пилоты Найджел Мэнселл түйіндеді. Жарыс Бельгияның Спа қаласындағы «Спа-Франкоршам» автодромында өтті. Ал тура алты жылдан кейін дәл осы күні Бельгия Гран-приінде сол кездегі Benetton-Renault командасының атынан өнер көрсеткен аты аңызға айналған неміс автошабандозы Михаэль Шумахер жеңіске жетті.
«Реал Мадрид» Испания Суперкубогын жеңіп алды
2003 жыл – осы күні мадридтік «Реал» Испания Суперкубогының иегері атанды. «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен матчта «Мальорканы» 3:0 есебімен жеңді. Голдарды Рауль (45-минут), Роналдо (52-минут) және Дэвид Бекхэм (72-минут) соқты.
Ресейлік жеңіл атлеттер Олимпиада тұғырын түгел иеленді
2004 жыл – осы күні ресейлік жеңіл атлеттер Афина Олимпиадасында ұзындыққа секіруден барлық жүлделі орындарды иеленді.
«Алтын» Татьяна Лебедеваға бұйырды (7,07 м);
«Күміс» Ирина Симагинаға тиесілі болды (7,05 м);
«Қола» Татьяна Котоваға бұйырды (7,05 м).
27 тамыз – Халықаралық бокс күні
2021 жыл – осы күні Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Халықаралық бокс күнін 22 шілдеден 27 тамызға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Жаңа дата тарихтағы алғашқы әлем чемпионатымен байланысты. Ол 17-30 тамыз аралығында Кубаның Гавана қаласында өткен.
Бұл күні дүниеге келгендер:
1966 жыл – Рене Игита, әйгілі колумбиялық қақпашы, «скорпион соққысының» авторы.
1977 жыл – Андерсон Луис де Соуза (Деку), португалиялық футболшы, «Порту» (2004) және «Барселона» (2006) құрамында Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған.