Генри Сехудо UFC-де Чимаевтің келесі қарсыласы кім болатынын айтты

Хамзат Чимаев
UFC ұйымының екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Генри Сехудо жауынгер Хамзат Чимаев келесі жекпе-жегін бразилиялық Пауло Костаға қарсы өткізуі керек деп есептейді.
«Енді Хамзат пен “құпия шырын мырза” Пауло Коста арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға болады. Егер де Хамзат жоғары салмаққа көтерілсе, өйткені ол енді чемпиондық белбеу үшін төбелеспейді… Пауло Коста Хамзат Чимаев жеңілгеннен кейін оны мазақ етті.
Бұл жігіттер ешқашан бір-бірін ұнатқан емес. Бұл — мінсіз жекпе-жек. Мен өз басым Хамзат Чимаев пен Пауло Коста арасындағы айқасты көргім келеді! Дана Уайт, осыны ұйымдастыр. Жеңімпаз жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтассын», — деді Сехудо Pound 4 Pound подкастында.
Еске салайық, Хамзат Чимаев UFC 328 турнирінде америкалық Шон Стриклендке төрешілердің екіұдайы шешімімен есе жіберіп, орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен айырылған болатын.