Германия құрамасы әлем чемпионаттары тарихындағы ең нәтижелі команда атанды
Бөлісу

Фото: fifa.com
Германия құрамасы әлем чемпионаттары тарихында соғылған голдар саны бойынша бірінші орынға шығып, көп жылдар бойы көш бастап келген Бразилияны басып озды.
Қазір неміс құрамасының еншісінде әлем чемпионаттарында 113 матчта соғылған 239 гол бар. Ал Бразилия құрамасы 115 ойында 238 гол соққан. Үшінші орында Аргентина тұр олардың еншісінде әлем біріншіліктерінде соғылған 152 гол бар.
Бұл жетістікке Германия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында Кюрасаоға қарсы матчта жетті. Аталған ойында немістер 7:1 есебімен жеңіске жетті.