Грегори Родригес UFC Fight Night 285 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

Айбар Рысдаулет ··
Фото: Yahoo Sports

Фото: Yahoo Sports

Бразилиялық файтер Грегори Родригес Сакраментода өткен UFC Fight Night 285 турнирінің басты жекпе-жегінде мексикалық Энтони Эрнандесті жеңді.

Орта салмақтағы кездесу бес раундқа жоспарланып, толық қашықтыққа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша үш төреші де Родригестің жеңісін тіркеді – 48:47, 49:46, 48:47.

Бұл жеңіс Грегори Родригес үшін кәсіби мансабындағы 20-жеңіс болды. Ал Энтони Эрнандес ММА-дағы төртінші жеңілісіне ұшырады. Жекпе-жек алдында мексикалық спортшы UFC-дің орта салмақ рейтингінде алтыншы орында болса, Родригес 11-сатыда тұрған.

Осылайша, бразилиялық файтер рейтингтің үздік алтылығындағы қарсыласын жеңіп, дивизиондағы жағдайын жақсартты. Бұл нәтиже оған алдағы уақытта рейтингте жоғары көтерілуге мүмкіндік береді.

Грегори Родригес Энтони Эрнандесті жеңіп, UFC-дегі 20-жеңісіне қол жеткізді – sport-hub