Басты бет
·
Футбол

Грекия Сербияны жеңгенімен, Ұлттар лигасының ширек финалына шыға алмады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: InTime Sports

Фото: InTime Sports

Грекия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы топтық кезеңнің алтыншы турында Сербияны 1:0 есебімен жеңді.

Ұлттар лигасы. А лигасы. 2-топ. 6-тур

Грекия – Сербия – 1:0

Гол: Масурас, 69-минут.

Кездесу Грекияның Волос қаласындағы «Пантессалико» стадионында өтті.

Алаң иелері шабуылда белсенді ойнап, бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Алайда Сербия құрамасының қақпашысы Джордже Петрович бірнеше мәрте командасын голдан құтқарып қалды.

Ол Христос Цолис, Лазарос Рота және Танасис Андруцостың қауіпті соққыларына тосқауыл болды.

Матчтағы жалғыз гол 69-минутта соғылды. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Георгиос Масурас Вангелис Павлидистің пасын пайдаланып, қиғаш бұрыштан дәл соққы жасады.

Кездесудің соңында сербиялықтар есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Алайда Никола Миленковичтің соққысынан кейін доп қақпа маңдайшасына тиді.

Осылайша Грекия құрамасы топтық кезеңді 11 ұпаймен үшінші орында аяқтады.

Германия мен Нидерланд құрамалары да 11 ұпайдан жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша тиісінше бірінші және екінші орындарға жайғасып, ширек финалға жолдама алды.

Дегенмен Грекия құрамасы келесі маусымда Ұлттар лигасының жоғары дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Ал Сербия алты матчтың барлығында жеңіліп, топтық кезеңді соңғы орында аяқтады.

Параллель өткен кездесуде Германия Нидерланд құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл нәтиже немістерге үш команданың ұпайы тең болғанына қарамастан, топта бірінші орын алуға мүмкіндік берді.

Грекия Сербияны жеңгенімен, Ұлттар лигасының ширек финалына шыға алмады – sport-hub