Григорий Ломакин Фантхьеттегі турнирдің жұптық кезеңінен шығып қалды

Али Асетов··
Фото: grigor.77 / Instagram

Фото: grigor.77 / Instagram

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Вьетнамның Фантхьет қаласында өтіп жатқан ATP Challenger санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады.

Жұптық сында Ломакин Ресей өкілі Тимофей Дерепаскомен бірге өнер көрсетті. Жарыстың алғашқы матчында олардың жұбы жапониялық Риюки Мацуда мен үндістандық Атхарва Шармамен кездесті.

Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды. Нәтижесінде Мацуда мен Шарма 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Phan Thiet 4 Chall. Жұптық разряд. Ерлер. 1/8 финал

Дерепаско/Ломакин – Мацуда/Шарма – 3:6, 3:6

Бұған дейін қазақстандық теннисші жекелей сында да жарыстан шығып қалған болатын. Бірінші айналымда ол австралиялық Мэттью Деллаведовамен кездесіп, 6:4, 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.