Григорий Ломакин Қытайдағы ITF турнирінің жұптық сынында жарыс жолын аяқтады
Бөлісу

Фото: KTF
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Мааньшань қаласында өтіп жатқан ITF M15 санатындағы турнирдің жұптық бәсекесіндегі жарыс жолын аяқтады.
Ломакин Тайвань өкілі Хси Чэн-Пэнмен жұп құрып, жарыстың алғашқы айналымында австралиялық Чейз Фергюсон мен америкалық Эван Чжуға қарсы кортқа шықты.
Тартысты өткен кездесу 4:6, 6:4, 7:10 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды. Қос теннисші бір-бір сеттен жеңіске жеткеннен кейін матч тағдыры чемпиондық тай-брейкте шешілді. Шешуші сәтте Фергюсон мен Чжу 10:7 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Енді ширек финалда Чейз Фергюсон мен Эван Чжу Қытай өкілдері Юйцюань Цзинь мен Сунь Цзянға қарсы ойнайды.