Григорий Ломакин Тайбэйдегі ITF M25 турнирінің жартылай финалына шықты
Бөлісу

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тайбэйде өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда Ломакин мен оның эстондық серіктесі Кристьян Тамм жарыстың төртінші рангтегі жұбы – жапониялық Синдзи Хазава мен Сунсюкэ Мицуиді жеңді. Кездесу 6:3, 6:4 есебімен екі сетке созылып, 1 сағат 28 минутқа жалғасты.
Финалға шығу үшін қазақстандық-эстондық жұп турнирдің бірінші рангтегі австралиялықтары Итан Кук пен Тай Сачпен кездеседі. Оған дейін Ломакин мен Тамм үндістандық Нитин-Кумар Синха және Маниш Сурешкумар жұбын жеңген болатын.
Тайбэйдегі турнирдің жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайды.