Басты бет
·
АО-2026

Игнатова Азиадада үшінші финалына жолдама алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Ксения Игнатова 2026 жылғы Азия ойындарында 200 метрге шалқалап жүзуден финалға шықты. Жарыс Айти мен Нагояда өтіп жатыр.

Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы жетінші нәтиже көрсетті. Бұл оған шешуші кезеңге өтуге мүмкіндік берді. Осылайша Игнатова қазіргі турнирдегі үшінші финалына жолдама алды.

Бұған дейін Игнатова екі рет сегізінші орын иеленген. 50 метрге шалқалап жүзуде ол 28,55 секунд нәтиже көрсетсе, 200 метрге кешенді жүзуде 2 минут 16,13 секунд уақыт тіркеді. Айта кетейік, екінші қашықтықтың іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы ұлттық рекорд орнатқан еді (2:14,94).

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.