Инфантино әлем чемпионатының құқықтарын сату жобасына байланысты кешірім сұрады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

ФИФА президенті әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарын сату жобасына байланысты жазбаша түрде кешірім сұрады. Бұл бастама футбол қауымдастығында кең көлемде сынға ұшыраған болатын.

Sky News мәліметінше, басылымның қолына Джанни Инфантино мен ФИФА бас хатшысы Маттиас Графстрём қол қойған хат түскен.

«Біз БАҚ-қа ақпараттың таралуынан кейін қателіктер жіберілгенін мойындаймыз. Сол үшін шынайы кешірім сұраймыз және мұндай жағдайдың қайталанбайтынына кепілдік береміз. Осыған байланысты тиісті тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы ФИФА кеңесінің келесі жоспарлы отырысында ұсынылады», – делінген хатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлем чемпионатының коммерциялық және медиа құқықтарын жекеменшік инвесторларға сату жобасы бірқатар футбол қауымдастықтарының сынына ұшыраған еді. Кейіннен ФИФА бұл бастаманы жүзеге асырудан бас тартты.