Инфантино өзін ұлттық құрамалардың біріне шабуылшы ретінде ұсынды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

ФИФА президенті Джанни Инфантино әзіл түрінде өзін Иран құрамасының шабуылшысы ретінде ұсынды.

2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчтан кейін функционер ирандық футболшылардың киім ауыстыратын бөлмесіне кірді. Ол ауыр саяси жағдайға байланысты ойыншыларға қолдау білдірді. Сөзінің соңында Инфантино ирониямен өзін шабуылшы позициясына ұсынды.

«Егер жаттықтырушыларыңыз келіссе, келесі матчта шабуылшы ретінде ойнай алар едім (күледі)», – деп келтіреді оның сөзін RMC Sport интернет-порталы.

Еске салайық, ирандықтар АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатқан әлем чемпионатына Америкамен саяси қақтығыс пен әскери әрекеттерге қарамастан келген. Алғашқы матчта Иран Жаңа Зеландиямен 2:2 есебімен тең түсті.

Инфантино өзін ұлттық құрамалардың біріне шабуылшы ретінде ұсынды – sport-hub