Басты бет
·
Футбол

«Интер» мен «Аталанта» сегіз гол соғып, тең тарқасты

Каирбек Тулегенов ··
«Интер» ФК

«Интер» ФК

Италия чемпионатының 12-турында «Аталанта» мен «Интер» нәтижелі тең ойын көрсетті. Екі команда бір матчта сегіз гол соқты.

Бергамодағы «Нью Баланс Арена» стадионында өткен кездесу 4:4 есебімен аяқталды.

«Интер» сапында Франческо Эспозито хет-трик авторы атанды. Миландық команданың тағы бір голын Петар Сучич пенальтиден соқты.

Ал «Аталанта» құрамында Шарль де Кетеларе дубль жасады. Сондай-ақ Элиф Элмас пен Франк Кессье бір-бір голдан соқты.

Италия чемпионаты. А Сериясы. 12-тур

«Аталанта» (Бергамо) – «Интер» (Милан) – 4:4

Голдар: Элмас (35), де Кетеларе (72, 80), Кессье (90, пенальти) – Эспозито (16, 32, 52), Сучич (76, пенальти).

Осы нәтижеден кейін «Интер» 29 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Ал «Аталанта» 15 ұпаймен 12-орынға жайғасты.

Келесі турда «Интер» 28 қарашада өз алаңында «Дженоаны» қабылдайды. Ал «Аталанта» 30 қарашада сырт алаңда «Леччемен» кездеседі.