«Интер» Зоммер кеткеннен кейін Иван Проведельді қатарына қосты

Али Асетов··
Фото: inter / Instagram

Фото: inter / Instagram

Миланның «Интер» клубы қақпашылар қатарын ресми түрде күшейтіп, Иван Проведельмен келісімшартқа қол қойғанын жариялады.

Италия чемпионы римдік «Лациомен» қақпашының трансфері бойынша толық келісімге келгенін хабарлады.

32 жастағы қақпашы жаңа клубымен 2029 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Проведель 2022 жылдан бері «Лацио» сапында өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Оған дейін ол «Специя», «Эмполи» және Италияның бірнеше басқа клубтарының қақпасын қорғаған.

2025/26 жылғы маусымда қақпашы барлық турнирде 29 ресми матчқа қатысты. Оның 12-сінде өз қақпасына гол жібермей, жалпы маусым барысында 30 доп өткізіп алды.

Еске салайық, Проведельдің «Интерге» ауысуы швейцариялық қақпашы Ян Зоммердің клубтан кеткенінен кейін жүзеге асты. Оның миландық клубпен жасасқан келісімшарты аяқталып, тараптар ынтымақтастықты тоқтатқан болатын.