Ислам Чесноков «Крылья Советов» клубіндегі ең қымбат ойыншылардың қатарына кірді

«Тобыл» ФК
Қазақстандық вингер Ислам Чесноков Самараның «Крылья Советов» командасындағы ең қымбат футболшылардың қатарына енді.
Transfermarkt порталының жаңартылған бағалауына сәйкес, 26 жастағы футболшының нарықтық құны 1,2 миллион еуроны құрайды.
Команданың футболшылары арасындағы нарықтық құн рейтингінде Чесноков 7-орында тұр. Дәл осындай баға Денис Макаров, Кирилл Печенин және Николай Рассказовқа да қойылған.
Тізімнің көшін бразилиялық жартылай қорғаушы Фернандо Костанца бастап тұр, оның құны 2,5 миллион еуро. Сергей Бабкин мен Иван Олейниковтың бағасы 2 миллион еуродан. Ал Никита Чернов, Юрий Горшков және Михаил Баньяц 1,5 миллион еуроға бағаланады.
2025 жылғы маусым аяқталғаннан кейін Чесноков Қостанайдың «Тобол» клубынан кетіп, Шотландияға аттанды. Қазақстандық футболшы «Хартс» сапында еркін агент ретінде өнер көрсетіп, командаға ұлттық чемпионатта күміс медаль жеңіп алуға көмектесті. Ол барлық турнирде 11 матч өткізіп, бір гол соқты.
Кейін футболшы «Тоболға» қайта оралғанымен, Қостанайда ұзақ уақытқа тұрақтамады. Чесноковтың келесі клубы «Крылья Советов» болды. Самаралық команда футболшыны кейіннен тұрақты келісімшартқа сатып алу мүмкіндігімен жалға алды.