Ислам Чесноков РПЛ-дегі дебюттік матчын негізгі құрамда бастайды

Aibar Rysdaulet··
Ислам Чесноков РПЛ-дегі дебюттік матчын негізгі құрамда бастайды

Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасының бесінші турында «Акронға» қарсы матчта «Крылья Советов» командасының негізгі құрамында алаңға шығады.

Самара клубының бастапқы құрамы белгілі болды. Чесноковтан бөлек алаңға Песьяков, Горшков, Божин, Чернов, Рассказов, Костанца, Витюгов, Печенин, Олейников және Крамарич шығады.

«Акрон» – «Крылья Советов» кездесуі бүгін, 23 тамызда өтеді. Матч Астана уақытымен 15:00-де басталады. Бұл ойын Ислам Чесноков үшін Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы матч болады.

Айта кетейік, қазақстандық футболшы осы жазда шотландиялық «Хартс» клубынан Қостанайдың «Тобыл» командасына қайта оралған еді. Кейін Чесноков мансабын «Крылья Советов» сапында жалғастыру туралы шешім қабылдады.