Ислам Махачев UFC титулын қорғап қалды

Айбар Рысдаулет ··
Фото: Zuffa LLC

Фото: Zuffa LLC

Филадельфияда (АҚШ) UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегі өтті. Онда жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев ирландиялық Иэн Гэрримен кездесті.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан Махачевтің жеңісін тіркеді – 49:46, 49:46, 48:47. Осылайша ресейлік спортшы кәсіби мансабындағы 29-жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ал Гэрри мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Бұл Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысқаннан кейінгі алғашқы титул қорғауы болды. Аталған салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. Дәл «Номад» 2024 жылдың желтоқсанында Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, ирландиялықтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне себеп болған.

UFC 330 турнирінің ко-мейн ивентінде ұйымның минимал салмақтағы чемпионы Маккензи Дерн канадалық Джиллиан Робертсонға қарсы титулын қорғады.

Image placeholder