Испания – Аустралия матчындағы үздік ойыншы аталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Аустралияға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.

«Барселона» клубының вингері алаңда 85 минут ойнады, бірақ нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ. Соған қарамастан, Испания құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде испандықтар Португалия құрамасымен кездеседі. Матч 7 шілде күні Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Бұған дейін топтық кезеңде Испания құрамасы жеті ұпай жинап, H тобында бірінші орын алған болатын. Аустралия төрт ұпаймен J тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Испания – Аустралия матчындағы үздік ойыншы аталды – sport-hub