Испания Францияны жеңіп, ӘЧ финалына шықты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы финалисі атанды. Олар жартылай финалда Францияны 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Испаниялықтар есепті 22-минутта ашты. Ламин Ямальға қарсы ереже бұзылғаннан кейін бас төреші пенальти белгіледі, оны Микель Оярсабаль мүлтіксіз орындады.

Үзілістен кейін Испания ойынды толық бақылауда ұстап, 58-минутта есепті ұлғайтты. Екінші голдың авторы – командалық шабуылды дәл аяқтаған Педро Порро.

Үш минуттан кейін Ламин Ямаль француздар қақпасына тағы бір гол соқты, алайда офсайдқа байланысты бұл гол есепке алынбады.

Франция бірінші таймның өзінде құрам мәселесіне тап болды. 29-минутта қорғаушы Вильям Салиба жарақат алып, алаңды тастап кетуге мәжбүр болды.

2026 жылғы әлем чемпионаты. Плей-офф. Жартылай финал

Франция – Испания – 0:2

Голдар: 22, Оярсабаль (пенальти), 58, Порро

Әлем чемпионатының екінші жартылай финалында Аргентина мен Англия құрамалары кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы финалда Испанияның қарсыласы болады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.