Испания Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалда испаниялықтар Португалияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан «Эй-Ти-энд-Ти» стадионында өткен кездесуде ұзақ уақыт бойы есеп ашылған жоқ. Матч қосымша уақытқа ұласатындай көрінгенімен, испаниялықтар ойынға қосылған минуттарда шешуші соққы жасады.

Жеңіс голының авторы Микель Мерино болды. Ол 85-минутта Дани Ольмоны алмастырып, алаңға шықты. Ал 90+1-минутта Ферран Торрестің нәтижелі пасын голға айналдырып, өз командасына жеңіс сыйлады.

2026 жылғы әлем чемпионаты. Плей-офф. 1/8 финал

Португалия – Испания – 0:1

Гол: Мерино, 90+1.

Кездесудің бас төрешісі Англия өкілі Энтони Тейлор болды.

Осы жеңістің арқасында Испания құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шығып, Бельгиямен кездесетін болды.

Айта кетейік, қазіргі әлем чемпионы – 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Францияны жеңген Аргентина құрамасы.

Испания Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты – sport-hub