Италия құрамасы мен Хосеп Гвардиола арасындағы келіссөздер тоқтады

«Манчестер Сити» ФК
Италия футбол федерациясы мен Хосеп Гвардиола арасындағы келіссөздер қаржылық шарттарға қатысты келіспеушіліктерге байланысты әзірге нәтиже бермей отыр.
La Gazzetta dello Sport мәліметінше, тараптар ынтымақтастық шарттары бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Гвардиола жылына 20 миллион еуро алғысы келеді, ал федерация оған маусымына шамамен 10 миллион еуро ұсынуға дайын.
Еске салайық, Италия ұлттық құрамасы бас бапкері қызметі 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі сәтсіз нәтижеден кейін бос қалған еді. Команда Босния және Герцеговинаға қарсы плей-офф финалында (1:1, пенальти сериясында 1:4) жеңіліп, мундиальға жолдама ала алмады. Осыдан кейін Дженнаро Гаттузо қызметінен кетті.
Бұған дейін италиялық федерация Гвардиоладан бөлек, жергілікті мамандар Роберто Манчини мен Антонио Конте кандидатураларын да қарастырып жатқаны хабарланған.