Басты бет
·
Футбол

Италия Түркияны ірі есеппен жеңіп, Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңісіне жетті

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Италия құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Екінші турда италиялықтар сырт алаңда Түркияны 4:1 есебімен жеңді.

Қонақтар жеңімпазды бірінші таймның өзінде анықтауға жақын болды. 9-минутта Алессандро Бастони есеп ашса, 22-минутта Давиде Фраттези Италияның басымдығын еселей түсті.

Араға бес минут салып Микаэль Кайоде Италияның үшінші голын соғып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші тайм басталғаннан кейін Түркия құрамасы есепті қысқартты. 47-минутта Барыш Алпер Йылмаз гол соғып, алаң иелеріне үміт сыйлады. Алайда көп ұзамай Италия тағы бір гол соқты. 50-минутта Франческо Пио Эспозито қонақтардың төртінші голын енгізді.

Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ – Италия 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Италияға топтағы алғашқы үш ұпайын алып, үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Ал екі матчта да жеңілген Түркия ұпайсыз соңғы орында қалды.

Келесі тур 2 қазанда өтеді. Италия сырт алаңда Франциямен кездессе, Түркия тағы бір қонақ матчын өткізіп, Бельгиямен ойнайды.

УЕФА Ұлттар лигасы-2026/27. А лигасы, 1-топ. 2-тур

Түркия – Италия – 1:4

Голдар: Бастони, 9 (0:1), Фраттези, 22 (0:2), Кайоде, 27 (0:3), Барыш Алпер Йылмаз, 47 (1:3), Эспозито, 50 (1:4).