Кабо-Верде құрамасының ойыншысы ӘЧ-дан кейін Бразилия чемпионатына ауысты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFP / Franck Fife

Фото: AFP / Franck Fife

Кабо-Верде құрамасының вингері Жовани Кабрал мансабын Бразилия чемпионатында жалғастырады. Ол «Гремио» клубымен еркін агент ретінде келісімшартқа қол қойды.

«Гремио» клубының бас бапкері Луиш Каштру 28 жастағы футболшының ауысқанын растады, деп хабарлайды Globo. Кабралдың бразилиялық клубпен келісімі бір жарым жылға есептелген.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатында вингер Кабо-Верде құрамасы сапында Испанияға қарсы (0:0) және Аргентинаға қарсы (2:3) екі матч өткізді.

Алдыңғы екі маусымда Кабрал Португалияның «Эштрела» клубында ойнады. Осы уақыт аралығында ол 53 матчқа қатысып, тоғыз гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ әр жылдары футболшы «Спортинг», «Лацио», «Салернитана» және «Олимпиакос» клубтарының намысын қорғаған.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Кабо-Верде құрамасының ойыншысы ӘЧ-дан кейін Бразилия чемпионатына ауысты – sport-hub