Кабо-Верде құрамасының тарихи жетістігінің авторы қызметінен кетті
Бөлісу

Фото: Tys Sports
Кабо-Верде ұлттық құрамасының бас бапкері Бубишта қызметінен кетті. Маман енді мансабын Марокконың «Беркан» клубында жалғастырады.
Кабо-Верде футбол федерациясы Бубиштаның ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады. Маман клубтық деңгейде жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылдап, Марокконың «Беркан» клубының тізгінін ұстады.
Бубиштаның жетекшілігімен Кабо-Верде құрамасы өз тарихындағы әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Турнир барысында команда Испаниямен (0:0), Уругваймен (2:2) және Сауд Арабиясымен (0:0) тең түсіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Алайда 1/8 финалда Аргентинадан қосымша уақытта 2:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.