Камару Усман Хамзат Чимаевқа жаңа қарсылас таңдап берді

Темирлан Мажекенов ··
Хамзат Чимаев

Хамзат Чимаев

UFC ұйымының экс-чемпионы, нигериялық файтер Камару Усман жақында алғаш рет жеңіліске ұшыраған Хамзат Чимаевтың келесі жекпе-жегі бразилиялық Пауло Костаға қарсы өтуі керек деп есептейді.

«Пауло Костаның [Азамат Мурзакановқа қарсы жекпе-жекте] қандай деңгейде өнер көрсеткенін еске алайық. Бұл айқас — нағыз жарылысқа айналды! Шын мәнінде өте қауіпті файтер. Біз Пауло Костаны құлатып, партерде ұстап тұру қаншалықты қиын екенін жақсы білеміз. Бұл — бомба», — деді Усман Pound 4 Pound with Kamaru & Henry подкастында.

Пауло Коста соңғы жекпе-жегін сәуір айында АҚШ-тың Майами қаласындағы UFC 327 турнирінде өткізді. Бұл кездесуде ол ресейлік Азамат Мурзакановты техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақта (93 келіге дейін) сәтті дебют жасады.

Камару Усман Хамзат Чимаевқа жаңа қарсылас таңдап берді – sport-hub