Канада мен Босния және Герцеговина тең тарқасты

Фото: Getty Images
Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі бірінші тур матчында жеңімпазды анықтай алмады.
B тобы аясындағы кездесу Торонто қаласындағы «BMO Field» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Ойынға аргентиналық Факундо Тельо бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.
Қонақтар бірінші таймның ортасында алға шықты. 21-минутта босниялық шабуылшы Йово Лукич өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды. Канадалықтар ұзақ уақыт бойы қарсылас қорғанысын бұза алмады, алайда 79-минутта Кайл Ларин есепті теңестірді.
Әлем чемпионаты, 1-тур, B тобы
Канада – Босния және Герцеговина – 1:1
Голдар: 21 – Лукич, 79 – Ларин
Босния және Герцеговина үшін жағымсыз сәт команда капитаны Сеад Колашинацтың жарақат алуы болды. Қорғаушы 84-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Ал «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич босниялық құраманың бастапқы құрамында шығып, 61 минут ойнап, кейін ауыстырылды.
Бірінші турдан кейін Канада мен Босния және Герцеговина бір-бір ұпайдан жинады. Кейінірек B тобында Катар мен Швейцария құрамалары өз матчтарын өткізеді.
Айта кетейік, екінші турда Канада 19 маусымда Қатармен, ал 24 маусымда Швейцариямен ойнайды. Ал Босния және Герцеговина 18 маусымда Швейцариямен кездесіп, топтық кезеңді 24 маусымда Қатарға қарсы матчпен аяқтайды.