Канада қосымша уақытта ОАР-ды жеңіп, 1/8 финалға шықты

Каирбек Тулегенов ··
Фото: fifa.com

Фото: fifa.com

Канада құрамасы матчтың 92-минутында гол соғып, Оңтүстік Африка Республикасын жеңіп, өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Кездесу барысында канадалықтар қауіпті сәттерді көбірек жасап, қарсылас қақпасына 7 рет дәл соққы бағыттады. Ал жалғыз жеңіс голын канадалық Стивен Эуштакиу қосымша уақыттың 92-минутында соқты.

Матч АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өтті. Плей-офф кезеңіндегі бұл алғашқы ойынды португалиялық төреші Жоау Пиньейру жүргізді.

Осылайша, тарихында алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан Канада келесі матчта Нидерланд – Марокко жұбының жеңімпазымен кездеседі.