Карим Кажібеков мансабын АҚШ-та жалғастырады
Бөлісу

Фото: «Барыс» ХК
Қазақстандық шабуылшы Карим Кажібеков мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады.
20 жастағы хоккейші NAHL лигасындағы «Кенай Ривер Браун Беарз» клубының драфтында таңдалды. Бұл туралы америкалық команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін елордалық «Барыс» клубы Кажібековпен қоштасқанын ресми түрде жариялаған болатын. Шабуылшы соңғы екі маусымда жастар хоккей лигасында «Қар барыстары» сапында өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында қазақстандық хоккейші 73 матчқа қатысып, «гол+пас» жүйесі бойынша 35 ұпай жинады. Оның еншісінде 16 шайба мен 19 нәтижелі пас бар.
Айта кетейік, NAHL – Солтүстік Америкадағы жас хоккейшілерді дамытуға арналған жетекші лигалардың бірі саналады.