Карлос Алькарас алғаш рет ATP қорытынды турнирінің чемпионы атанды

Фото: Сorinne Dubreuil/ATP Tour
Испаниялық теннисші Карлос Алькарас Италияның Турин қаласында 15–22 қараша аралығында өткен ATP-2026 қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда әлемнің үшінші ракеткасы ATP рейтингінің көшбасшысы, германиялық Александр Зверевті жеңді. 2 сағат 2 минутқа созылған кездесу испаниялық теннисшінің пайдасына 6:2, 7:6 (9:7) есебімен аяқталды.
Екінші сеттегі тай-брейкте Зверев 6:3 есебімен алға шығып, үш сетболға ие болды. Алайда Алькарас есепті теңестіріп қана қоймай, екінші матчболын сәтті пайдаланып, жеңісті жұлып алды.
ATP-2026 қорытынды турнирі. Финал
Александр Зверев (Германия) – Карлос Алькарас (Испания) – 2:6, 6:7 (7:9)
23 жастағы Алькарас үшін бұл ATP қорытынды турниріндегі алғашқы чемпиондық атақ және кәсіби мансабындағы 30-титул болды.
Испаниялық теннисші чемпиондық жолында Фрэнсис Тиафо, Даниил Медведев, Флавио Коболли және Бен Шелтонды да жеңді.
Ал финалда жеңілгеніне қарамастан, Александр Зверев әлемдік рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды. Германиялық теннисші мансабында алғаш рет маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады.