Басты бет
·
Теннис

Карлос Алькарас Шанхайдағы «Мастерс» турнирінен шығып қалды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Әлемнің үшінші ракеткасы Карлос Алькарас Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің үшінші айналымында бельгиялық Зизу Бергске есе жіберді.

ATP рейтингінде 39-орында тұрған Бергс екі сетте жеңіске жетті – 7:5, 7:6 (7:4).

Шанхай. ATP. Ерлер. 1/16 финал

Зизу Бергс (Бельгия) – Карлос Алькарас (Испания) – 7:5, 7:6 (7:4)

Кездесу 2 сағат 3 минутқа созылды. Осы жеңістің арқасында Бергс жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Енді ол америкалық Томми Пол мен монегаск Валантен Вашеро арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойында Қытайдағы турнирдің ширек финалына берілетін жолдама сарапқа салынады.

Айта кетейік, бұған дейін Карлос Алькарас Токиода өткен ATP-500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанған еді. Финалда испаниялық теннисші чехиялық Иржи Легечканы жеңіп, қоржынына тағы бір титул қосты.

Карлос Алькарас Шанхайдағы «Мастерс» турнирінен шығып қалды – sport-hub