Карлос Алькарас турға оралу алдында имиджін түбегейлі өзгертті

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас, қоржынында алты «Үлкен дулыға» титулы бар, жаңа имиджімен жанкүйерлерін таңғалдырды.

Спортшы әлеуметтік желілерінде шілде айында түсірілген бірнеше суретін жариялады. Солардың ішіндегі ең бастысы жаңа шаш үлгісімен түскен фотосы болды.

Алькарас соңғы рет ресми матчта сәуір айында кортқа шыққан. Білегінен алған жарақатына байланысты ол ұзақ үзіліс жасап, бірден екі «Үлкен дулыға» турниріне қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Испаниялық теннисші «Ролан Гарростағы» чемпиондық атағын қорғай алмады, сондай-ақ бұған дейін финалға дейін жеткен Уимблдондағы нәтижесін қайталау мүмкіндігінен айырылды. Ірі турнирлерге қатыспауы оның ATP рейтингіндегі орнына да әсер етіп, екінші орыннан үшінші сатыға төмендеді.

Алькарастың кортқа оралуы 11–23 тамыз аралығында өтетін Цинциннатидағы «Мастерс» турнирінде күтілуде. Айта кетейік, дәл осы жарыстың қазіргі чемпионы – испаниялық теннисші, ол өз мәртебесін қайта дәлелдеуге тырысады.

Сонымен қатар, Карлос бұған дейін 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында киетін спорттық киім үлгісін де таныстырған болатын. Турға оралар алдында ол жаңа формасын да жанкүйерлеріне көрсетті.