«Каролина» Стэнли кубогының финалындық сериясында есепті теңестірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Каролина Харрикейнз» ХК

Фото: «Каролина Харрикейнз» ХК

«Каролина Харрикейнз» Стэнли кубогының финалдық сериясындағы төртінші матчта «Вегас Голден Найтсты» жеңіп, сериядағы есепті теңестірді.

Кездесу 5:3 есебімен Роли қаласының командасының пайдасына аяқталды.

Қонақтар матчты өте сәтті бастап, алғашқы кезеңнің өзінде Логан Стэнковен, Джейкоб Блейк және Джордан Стаалдың шайбаларының арқасында 3:1 есебімен алға шықты. Ал «Вегас» сапынан үзіліске дейін Марк Стоун мергендік танытты.

Екінші кезеңде алаң иелері таразы басын теңестіре алды. Вильям Карлссон мен Брэтт Хауден соққан шайбалар «Вегасқа» есепті 3:3 етуге мүмкіндік берді.

Алайда шешуші кезеңде «Каролина» ойын нүктесін қойды. Джордан Стаал мен Николай Элерс соққан голдар «Харрикейнзге» сериядағы екінші жеңісті сыйлады.

Осылайша, төрт матчтан кейін Стэнли кубогы финалындағы серия есебі 2:2 болды.

Серияның бесінші кездесуі 12 маусым күні «Каролинаның» мұз айдынында өтеді.