«Каролина» ҰХЛ матчында «Рейнджерсті» жеңді

Фото: Jared Silber/Getty Images
«Каролина Харрикейнз» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында «Нью-Йорк Рейнджерсті» жеңді.
Нью-Йоркте өткен кездесу қонақтардың пайдасына 5:2 есебімен аяқталды.
«Каролина» сапында Эрик Робинсон, Джексон Блейк, Александр Никишин, Шон Уокер және Джордан Мартинук бір-бір шайбадан соқты. Ал алаң иелері құрамында Мика Зибанежад пен Джей Ти Миллер мергендігімен көзге түсті.
ҰХЛ. Тұрақты чемпионат
«Нью-Йорк Рейнджерс» – «Каролина Харрикейнз» – 2:5
Шайбалар:
- 0:1 – Робинсон (Стаал), 13:00 (кем құрамда)
- 1:1 – Зибанежад (Фокс, Миллер), 14:12 (сан басымдығында)
- 1:2 – Блейк (Холл, Станковен), 33:13
- 1:3 – Никишин (Гостисбер, Робинсон), 37:46
- 1:4 – Уокер (Ахо, Каррье), 38:27
- 2:4 – Миллер (Фокс), 55:13 (сан басымдығында)
- 2:5 – Мартинук (Джарвис), 57:38
Осы жеңістен кейін «Каролина» 39 ұпай жинап, Метрополитен дивизионы мен Шығыс конференциясында көш бастап тұр.
Ал қатарынан үш жеңіске жеткен «Рейнджерстің» жеңісті сериясы тоқтады. Нью-Йорк клубы 27 ұпаймен өз дивизионында төртінші орында келеді.
Келесі кездесуін «Каролина» 26 қарашада сырт алаңда «Тампа-Бэй Лайтнингке» қарсы өткізеді. Сол күні «Нью-Йорк Рейнджерс» «Баффало Сейбрзбен» кездеседі.