Басты бет
·
Хоккей

«Каролина» үшінші кезеңде үш шайба соғып, «Тампаны» жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ХК «Каролина Харрикейнз»

Фото: ХК «Каролина Харрикейнз»

«Каролина Харрикейнз» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында сырт алаңда «Тампа-Бэй Лайтнингті» 3:1 есебімен жеңді.

Тампа (АҚШ). ҰХЛ. Тұрақты чемпионат.

«Тампа-Бэй Лайтнинг» – «Каролина Харрикейнз» – 1:3

Шайбалар: Чирелли (21) – Робинсон (46), Славин (48), Блейк (60).

Кездесудің алғашқы кезеңінде командалар есеп аша алмады. Ал екінші кезеңнің басында алаң иелері алға шықты.

Энтони Чирелли Джейк Гюнцель мен Никита Кучеровтың пастарынан кейін сан басымдығын сәтті пайдаланып, есеп ашты. Ресейлік шабуылшы Кучеров үшін бұл биылғы маусымдағы 23-нәтижелі пас болды.

Матчтың шешуші сәттері үшінші кезеңде өрбіді.

46-минутта Эрик Робинсон қарсылас қорғаушысы Макс Крозьенің қателігін пайдаланып, есепті теңестірді.

Арада небәрі 97 секунд өткенде Джейккоб Славин Себастьян Ахоның пасынан кейін шайба соғып, «Каролинаны» алға шығарды.

Кездесудің соңғы минутында Джексон Блейк бос қақпаны дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін орнатты – 3:1.

Осылайша «Каролина» 25 кездесуде 41 ұпай жинап, Метрополитен дивизионында көш бастап тұр.

Ал 24 матчта 32 ұпай еншілеген «Тампа» Атлантика дивизионында екінші орынға жайғасқан.

Келесі ойында «Тампа» 28 қарашада өз алаңында «Оттава Сенаторзды» қабылдайды. Ал «Каролина» 29 қарашада дәл осы командамен өз мұз айдынында кездеседі.

«Каролина» үшінші кезеңде үш шайба соғып, «Тампаны» жеңді – sport-hub