«Каспий» – «Жеңіс» матчының бейнешолуы

«Каспий» ФК
Қазақстан Премьер лигасының 19 турындағы соңғы матчта «Каспий» өз алаңында «Жеңісті» 3:2 есебімен жеңді.
Алаң иелері есепті 9 минутта ашты. Амандық Набиханов мергендігімен көзге түсті. Астаналық клуб Жиан Мартинстің голымен жылдам жауап қайтарды. Алайда үзіліске дейін Андре Амарал ақтаулықтарды қайтадан алға шығарды.
Екінші таймда Рамазан Абылайхан «Каспийдің» басымдығын арттырды. «Жеңіс» есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алғанымен, пенальтиді жүзеге асыра алмады. Мартинс допты мүлде дәл соға алмады. Кездесу соңында Сағадат Тұрсынбай қонақтардың екінші голын соқты, бірақ команда жеңілістен құтыла алмады.
Осы ойыннан кейін «Каспий» 21 ұпай жинап, КПЛ турнирлік кестесінде 10 орынға көтерілді. Ал «Жеңіс» 22 ұпаймен 9 орында тұр.
«Каспий» – «Жеңіс» матчының бейнешолуы осы сілтемеде.