Кейн 2026 жылғы ӘЧ-дегі Англия ойыны үшін сынға ұшыраған Тухельді қолдады

Фото: dsspots
2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентинадан (1:2) жеңілгеннен кейін неміс маманы Томас Тухель қатты сынға ұшырады.
Нәтижесінде Англия құрамасы Франциямен өткен матчта (6:4) жеңіске жетіп, үшінші орын алып, мундиальдың қола жүлдесін иеленді. Бұл құраманың соңғы 60 жылдағы алғашқы медалі.
«Томас Тухель біздің осында жетіп, соңғы 60 жылдағы ең үздік нәтижеге қол жеткізуіміздің басты себептерінің бірі. Ол әлемдегі ең үздік бапкерлердің бірі. Бірақ ең мықтылардың өзі қателеседі. Бұл бізге, ойыншыларға да қатысты», – деп Кейннің сөзін Bayern & Germany келтіреді.
2026 жылғы әлем чемпионатында Кейн Англия құрамасының барлық сегіз матчына қатысып, алты гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Осылайша, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде алтыншы орын алды.
Томас Тухель Англия құрамасын 2025 жылдың қаңтарында басқарды. Оның жетекшілігімен команда әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі сегіз матчтың бәрінде жеңіске жетіп, доп айырмасы 25:0 болды. Неміс маманы Англия құрамасы тарихында іріктеуден бірде-бір гол жібермей өткен алғашқы бас бапкер атанды.