Кейн «Баварияға» Бундеслига дебютантына қарсы жеңіс сыйлады

Бекарыс Әлімхан··
«Бавария» ФК

«Бавария» ФК

«Бавария» Бундеслиганың үшінші турында «Эльверсбергті» 2:1 есебімен жеңді.

Мюнхендік клуб сапындағы есепті 26-минутта жартылай қорғаушы Леннарт Карл ашты. Екінші таймда «Баварияның» бұрынғы ойыншысы Морис Краттенмахер есепті теңестірді. Алайда 72-минутта Харри Кейн жеңіс голын соқты.

«Эльверсберг» үшін бұл Бундеслигаға көтерілгеннен кейінгі алғашқы жеңіліс болды. Чемпионаттағы алғашқы екі турда лига дебютанты «Байерді» (3:2) және Мёнхенгладбахтың «Боруссиясын» (4:3) жеңген еді.

Үш турдан кейін «Бавария» жеті ұпай жинап, төртінші орында тұр. Ал «Эльверсберг» алты ұпаймен алтыншы сатыда орналасқан.

Келесі турда мюнхендіктер 18 қыркүйекте «Унионмен» кездеседі. Ал «Эльверсберг» 20 қыркүйекте «Шалькемен» ойнайды.

Кейн «Баварияға» Бундеслига дебютантына қарсы жеңіс сыйлады – sport-hub