Кейн жарқырады, бірақ Хорватия берілмеді: 2026-ӘЧ ойынында бірінші таймнан кейінгі тең есеп

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының L тобының бірінші турында Англия мен Хорватия арасындағы матчта интрига сақталуда.

Командалар АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан «Эй-Ти-энд-Ти» стадионында кездесуде. Бірінші таймнан кейін таблода 2:2 есебі тіркелді.

Англия құрамасы Харри Кейннің пенальтиден соққан голының арқасында алға шықты. Кейін ол 42-минутта тағы да көзге түсіп, дубль авторы атанды.

Хорватия бірінші таймның өзінде жауап қайтарды. 36-минутта жартылай қорғаушы Мартин Батуринаның дәл соққысы командасына есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Ал қосымша уақыттың 45+6-минутында шабуылшы Петар Муса қарсылас қақпасын дәл көздеп, теңдікті қайта қалпына келтірді.

Айта кетейік, топтық кезеңнің екінші турында Англия 23 маусымда Ганаға қарсы ойнайды, ал 28 маусымда Панамамен кездеседі. Хорватия 24 маусымда Панамамен ойнап, кейін 28 маусымда Ганаға қарсы матч өткізеді.