«Келесі жекпе-жек титулдық болуы тиіс». Найманбаев нокауттан кейін мәлімдеме жасады

Фото: zakir_naimanbayev / Instagram
Қазақстандық Power Slap өкілі Закир Найманбаев Белградта өткен Power Slap 22 турниріндегі сенімді жеңісінен кейін келесі жекпе-жекте чемпиондық белбеу үшін айқасуға үмітті екенін мәлімдеді.
«Келесі жекпе-жек титулдық болады деп үміттенемін және белбеуді Қазақстанға алып келеміз. Тек алға! Алға, Қазақстан!» – деді Найманбаев жекпе-жектен кейін.
Турнир аясында қазақстандық спортшы «Жазалаушы» лақап атымен танымал канадалық Райан Кеннимен кездесіп, қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Сәтті өнер көрсетуінің арқасында Найманбаев ауыр салмақ дәрежесінде Power Slap рейтингінде екінші орынға көтерілді.
Сондай-ақ Қазақстанның тағы бір өкілі Данияр Токтаров («Агрессор») Сербия астанасында өткен Power Slap 22 турнирінде өнер көрсетті. Бұл жекпе-жек оның лигадағы екінші кездесуі болды.
Алайда қазақстандық спортшы жеңіске жете алмады. Оның қарсыласы – британиялық Годфри Токтаровты екінші раундта нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.